Павлодар облысының әкімдігі,  облыс бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, «Ertis - аdaldyq аlańy» жобалық кеңсесі мен Торайғыров университеті «DIGITAL-ANTIKOR PVL 2020» онлайн-хакатонын өткізді.

Web-дизайнер, сарапшылар, инженерлер мен IT-мамандардан құралған 18 команда үш күн ішінде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы сыбайлас оқиғаларының алдын алу бойынша жобаларын әзірледі.

Қатысушылар ПИК мамандарының қызметтері бойынша өтініштерді бір сайтта қалдыруды ұсынды. Тағы бір тобы ТҮКШ бойынша келетін өтініштерге арналған телеграмм-бот пен барлық өтініштерді жинақтайтын сайт жасады. Сонымен қатар, пәтер кезегінде тұрған азаматтарға тіркеліп, өз позициясын тексеріп отыруға мүмкіндік беретін мәліметтер базасын әзірледі.

Alex SG «HCSMonitor» командасы жеңімпаз атанды. Бас жүлде - ноутбук Александр Филатовқа бұйырды. Жүлдені «Заман» ЖШС-нің директоры, университет түлегі Әлібек Нұрғазин тарту етті.

А. Филатов әзірлеген web-платформа тұрғындардың ТҮКШ саласындағы бұзушылықтар туралы өтініштеріне жедел әрекет етуге мүмкіндік береді. Жоба ПИК-тердің рейтингін анықтауға, ал тұрғындарға жұмыстардың орындалуын қадағалауға жол ашады.

Қатысушылар ToU CAMP-те өтетін оқытуға қатысуға мүмкіндік алды. Енді олар жобаларын дамытып, салалық мемлекеттік органдардың қолдауымен бағдарламалы өнімді енгізуге мүмкіндік тумақ.