С. Торайғыров атындағы ПМУ студенттері жетінші жыл қатарынан Германиядан тығылымдамадан өтуде.

Биылғы жылы біздің студенттері агротехниологиялық факультеттің үздік серіктестерінің бірі, «DEULA-Nienburg» ауыл шаруашылығы Академиясы оқу орталығында тәжірибелерін молайтты.

Жастар тағылымдама барысында Германиядағы мал шаруашылығы және агрономиялық кешендерінің жұмысымен танысып, заманауи агробизнесті жүргізудің жаңашыл технологияларын, ауыл шаруашылығы техникасның маркаларымен танысты.

Тәжңрибеден өтуге үміткерлерді екі тарап бірнеше кезең бойынша іріктейді. Шетелдік жұмыс берушілер стресске төзімділік, білім деңгейі, нәтижеге бағыт алу және шет тілдерін білуге баса назара аударады.

Білім алушылар жарты жыл ішінде өсімдік шаруашылығы, жануарлар селекциясы салаларында маманданатын түрлі фермерлік шаруашылықтарда жұмыс істеп, сол жерде тұрады.

"Германиядағы тәжірибе агроном мамандығына үлкен жауапкершілікпен қарауға сеп болды. Мен табиғатты сақтау, климатты сақтауға алаңдаушылыбілдіріп, салаға қызыққан мамандармен жұмыс істедім. Мәселен, жылыжайларда өсірілетін өнімдердің барлығы органикалық, химиялық заттар мүлдем қолданылмайды. Германияда “climate changes” және "fridays for future" қозғалыстары дамыған, мамандар Жерді қорғап, климаттық өзгерістерге жол бермеуге шыақырады", – дейді агротехнологиялық факультеттің үшінші курс студенті Айгерім Хисамитова.

Айгерімнің айтуынша, Германияда агротуризм қарқынды дамыған. Студент «Hof Grafel» жылыжай кешенінде тәжірибеден өтті. Бұл жерді көруге туристер көп келеді.

"Мамандармен тәжірибе алмаусы аса қызық. Бір қарағанда қарапайым көрінетін адам өз ісінің шебері екенін жасыруы да мүмкін. Мәселен, мен "Марвел" фильмдерінің видео-дизайнерімен таныстым", – дейді А. Хисамитова.

Студенттер тәжірибеден соң Еуропа елдерін араламақ.