Торайғыров университетінің ғалымдары  мерейтойға арналған іс-шараға қатысты.

- Рухани тұлғаны рухани құндылықтар тәрбиелейді. Бұл рухани құндылықтарды қалыптастыруда Ғабдул-Уахит ілімдері ерекше рөл атқарады, - деді Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов.

Кесененің жанына 20дан астам киіз үй орнатылып, түрлі тағамдар даярланды. Мерекелік алаңда қонақтар халық қолөнершілерінің бұйымдарымен танысты.

Шарбақты ауданы Арбиген ауылының маңында орналасқан Хазірет кесенесінде өткен мерекенің екінші күнінің бағдарламасы бойынша «Adai» триосы, «Шернияз» би ансамблі, Рүстембек Омаров атындағы Қазақ халық аспаптар оркестрі өнер көрсетті.

Айта кетейік, ЖОО-да Павлодар облысының белгілі төрт өкілінің мерейтойына - Ғабдул-Уахит Хазіреттің 170 жылдығына, Мәшһүр Жүсіптің 165 жылдығына, Сұлтанмахмұт Торайғыровтың 130 жылдығына және Мұзафар Әлімбаевтың 100 жылдығына орай Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізілді.  

-Менің ойымша, әрқайсымыз ата-бабаларымыздың мұрасын мұқият сақтап, оны көбейтуге міндеттіміз. Бүгін біздің жұмысымызға Астана, Алматы, Шымкент және тіпті Түркиядан достарымыз бен әріптестеріміз келді, оларды тыңдау өте қуанышты болды. Олардың барлығы Ертіс өңірінің белгілі тумаларының шеберлігін мойындайды және олардың еңбектерін мұқият зерттейді. Олар айтқандай, өткенсіз болашақ болмайды, - деп атап өтті ЖОО ректоры Еркін Садықов.