Торайғыров университеті "Қаржы және есеп" кафедрасы оқытушылары мен Павлодар облыстық қазынашылық департаменті өкілдерінің мұрындық болуымен "Қазақстан Республикасында бюджеттік үрдісті басқарудың тәжірибелік аспектілері" тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелге "Павлодар облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау" ММ-нің жетекшісі Ирина Назарчук және "Павлодар облысы бойынша қазынашылық департаменті" РММ басшысының орынбасары Әсел Әубәкірова қатысты.

Назарчук Ирина Петровна аймақта бюджетті басқару ерекшеліктері, қарастыру реті,  бекіту, жергілікті деңгейдегі бюджетті түзету, Павлодар облыстық бюджетінің құрамы мен құрылымы туралы айтып берді. Әсел Сансызбайқызы Әубәкірова "Республикалық бюджетті орындау және жергілікті бюджетті орындауға қызмет көрсету" тақырыбында баяндама жасады.

Студенттер де тақырып аясында баяндамаларын ұсынды.