Торайғыров университеті мен Ақпараттық технологиялар колледжі ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

​​

​​

​​

​​

​​

Қол қою рәсіміне ЖОО ректоры Еркін Садықов пен колледж басшысы Серік Жартыбаев қатысты.

- Біз өткен оқу жылында аутстаффингті дамыту жөніндегі команда құрып, оқытушылардың өзара тағылымдамасын ұйымдастыра отырып, өзара іс-қимыл жасай бастадық. Сонымен қатар, біз бірлескен эспорт турнирін өткіздік. 

Кездесулерде ынтымақтастықтың жаңа салалары талқыланды: енді колледж студенттері үшін кәсіби ағылшын тілін тереңдетіп оқыту және кәсіби шеберлікті арттыру курстары ұйымдастырылады, атақты IT жаттықтырушылардың қатысуымен шеберлік сыныптары, сондай-ақ IT-колледж түлектері үшін қысқартылған оқу бағдарламасын әзірлеу және т. б. өткізіледі.