Жуырда Торайғыров университетінің International office директоры Айғаным Кәрібаева Грецияда Еrasmus+ бағдарламасы шеңберінде Пирей университетінде халықаралық апталықта оқу орнымызды таныстырды. 

​​​​​

​​​​​

​​​​​

​​​​​

Шара барысында студенттер мен профессорлық-оқытушылық құрамның академиялық мобильділігін жүзеге асыру бойынша ынтымақтастық жоспарлары талқыланды, сонымен қатар, өзге ЖОО өкілдерімен бірлескен жарияланымдар мен жобалар туралы айтылды 

Кездесу барысында Пирей университетінде 2022-2023 оқу жылында Торайғыров университетінің бір оқытушысын тартуға орын бөлінді. Германия, Эстония, Уганда және Молдова университеттерінің профессорлары шетелдік оқытушыларды тарту бағдарламасына қызығушылық танытты. Бүгінгі таңда Торайғыров университетінің магистранттары мен оқытушыларының ғылыми стажировкасы бойынша келіссөздер жүргізілуде.