Оломоуц қаласындағы Палацкий университетінің қауымдастырылған профессоры Томаш Чех магистранттар мен докторанттарға арналған семинар, кеңестер өткізді. 

Чехиялық сарапшы "Жеке даму мен білім беру" кафедрасының оқытушыларына инклюзивті білім берудің заманауи үдерістері бойынша курс оқыды 

Қолжетімді орта қалыптастыру, мүмкіндігі шектеулі білім алушылар үшін жоғары білім берудің бейімделген оқу бағдарламаларын әзірлеу мен оқу үрдісі барысында қолдау көрсету мәселелері талқыланды. 

" Жеке даму және білім беру" кафедрасының меңгерушісі Айнаш Құдышеваның айтуынша, Томаш Чех өткізген курс отандық жоғары оқу орындарына қойылатын заман  талаптарына сай жұмыс істеу үшін өзекті. 

" Қазіргі уақытта инклюзия жай ғана талап емес, шынайы әрі қалыпты жағдай. Жуырда елімізде  оқуда ерекше қажеттіліктері  бар тұлғаларға мемелекеттік қолдау көрсету, кепілдік беру саласында заң қабылданды. Заңнама олардың кедергісіз білім алып, өмір бойы жетілуін қарасырады", - дейді ол.