Ассалау малейкум курметти ректор мырза,мен мектепти битирдим,УБТ га катыскан едим,енд сиздин университетинизге туским келет,тандау паним географиясiзге , сизге кояр сурагым,«конак уй жане мейрамхана iстери» мамандыгын тандаган едим,сонын тапсыру уакыты кашанга дейн,жане жылдык акшасы канша болады,мен озим Туркестан каласына жакын жерде турамын,менин осы сурагыма жауап беруiнiздi отiнемин,алдын ала рахмет
Сәлеметсіз бе, Мырзабек. Біздің университетімізде «Қонақ үй және мейрамхана ісі» мамандығы оқытылмайды. Сіз «география» таңдау пәні бойынша «Экономика», «Қаржы», «Есеп және аудит», «Маркетинг», «Мемлекеттік және жергілікті басқару», «Менеджмент», «Орман ресурстары және орман шаруашылығы», «География», «Туризм», «Әлеуметтік жұмыс» мамандықтарына түсе аласыз. Ол үшін 2014 жылдың 23-31 шілде аралығында мемлекеттік білім беру грантын тағайындау конкурсына құжат тапсыру қажет.
Әлеуметтік ғылым және бизнес, жаратылыстану, қызмет көрсету бағыттарындағы мамандықтардың төлемақысы – 342 900, ауылшаруашылық ғылым бағытындағы мамандықтың төлемақысы – 346 600.
Мамандықты таңдағанда қателеспеу үшін, университеттің қабылдау комиссиясына толық кеңес алуға келіңіз. Мекенжайымыз: Ломов көш., 64, бас оқу ғимараты, тел.: 8 (7182) 673-773, 673-674, 673-654.