Date creation: 29.05.2014
Сәлеметсіз бе құрметті Серік Мәуленұлы! Мен осы жылы "Қазақ тілі және әдебиеті" мамандығы бойынша ПМПИ-ды бытырдым. Енды ПМУ-ға екінші мамандық ретінде "Мемлекеттік және жергілікті басқару" мамандығына дистанциондық түрде оқуға түсейын дегенмын, осыған байланысты грант бола ма бұл мамандыққа немесе болмаса қандай да жеңілдіктер бола ма? Алдын-ала жауабыңызға рахмет!
Date of reply: 18.06.2014
Сәлеметсізбе Жұмабаев Дархан! Біздің университетімізге түсуге шешім қабылдағаныңызға қуаныштымыз!
Екінші жоғары білім бойынша мемлекетімен гранттар қарастырылмаған.
«С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің білім алушыларының білім алуына жеңілдіктер беру ережелеріне» сәйкес жеңілдіктер жүйесі студенттерге арналған (21 жасқа дейін күндізгі және сырттай оқу нысаны бойынша).
«Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша оқыту мерзімі - 2 жыл (қашықтықтан оқыту технологиясын пайдалану арқылы).
2013-2014 оқу жылында Сіз таңдаған мамандықта оқыту төлемі 180 000 теңгені құрайды (сырттай оқу нысаны).
Қосымша ақпаратты 67-37-73 телефоны бойынша ала аласыз. Интернеттегі біздің мекен-жайымыз: www.psu.kz.