Сәлеметсіз бе, шығармашылық тест тапсыруға өтініш беру үшін қандай құжаттар керек? рахмет
Сәлеметсіз бе, Ақберен. 2014 жылдың 20 маусымынан 01 шілде аралығында шығармашылық мамандықтарға өтініштер қабылданады. 02 шілдесінен 07 шілде аралығында шығармашылық емтихандар өтеді. Түсу үшін қажетті құжаттар:
1) жалпы орта білім беру орнын бітіргені туралы аттестат (түпнұсқа);
2) мемлекеттік сертификат;
3) 3х4 көлеміндегі 6 фотосурет;
4) 086-У нысанындағы медициналық анықтама (нарко-, психдиспансер мөрімен) + көшірме, флюорография, RW-ға қан тапсыру (түпнұсқасы),екпе картасының көшірмесі;
5) жеңілдік беретін құжаттар (жетім балалар екі ата-анасының қайтыс болғандығы жөніндегі куәлікті көрсетеді, бірінші және екінші топтағы мүгедектер, және де бала күнінен мүгедек балалар таңдаған мамандық бойынша оқу үшін зарарлығы жоқтығын белгілейтін медициналық-әлеуметтік сараптаманың қорытындысын көрсетеді.);
6) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;
7) бауы бар папка, конверт.
Қосымша ақпаратты 8 (7182) 67-37-73, 67-36-74, 67-36-54, 67-36-85 (ішкі 11-01) телефон номерлері арқылы алуыңызға болады.