Қойылған күні : 02.07.2014
Сәлеметсіз бе? Менің қызым қазақ мектебінде оқыды. Білім грантына құжат тапсырғанда орыс бөлімі деп көрсете ала ма? Орыс бөліміне оқуға түсе ала ма? Алдын ала рахмет.
Жауап күні: 15.07.2014
Сәлеметсіз бе, Курбангул. ҰБТ-ны мемлекеттік тілде тапсырғандықтан, ҚР Білім және ғылым министрлігінің базасында қазақ тілінде оқитын түлек ретінде тіркелдіңіз. Конкурсқа қатысқан кезде орыс тілінде алынған балыңыз саналмайды. Сондықтан, білім беру грантын тағайындау конкурсына орыс тілі бойынша қатыса алмайсыз.Қосымша ақпаратты 8 (7182) 67-37-73, 67-36-74, 67-36-54 телефондары арқылы ала аласыз.