Ғылыми және оқу-әдістемелік жұмыстар

Кафедра құрылғаннан бері 1000 астам жұмыс жарық көрген, олардың ішінде 10 оқулық, 24 монография, 200 астам авторлық куәліктер мен патенттер, СССР ВДНХ 2 күміс медаль бар.

Профессор, т.ғ.д., В.А. Бороденкоға өнертапқыштық шығармашылығы үшін ҚР БжҒМ бұйрығымен ШАПАҒАТ-2008 сыйлығының «Белсенді өнертапқыш» номинациясы берілді.

«Ферро қорытпа зауытының 10 кВ торабындағы сыйымды токтардың жерге айқас тұйықталуын анықтау» (жетекші т.ғ.д., профессор А.Н. Новожилов) №36/07 ҒЗЖ ш/к және «Лифтердің электр жабдықтаулардан сақтау құрылғысын зерттеу және өңдеу» (жетекші т.ғ.д., профессор В.Ф. Хацевский) №95 ҒЗЖ ш/к нәтижелерін өндіріске енгізу жөніндегі жұмыстары орындалды.

Кафедраның аға оқытушылары О.А. Андреева (А.Н. Новожилов ғылыми жетекші т.ғ.д., профессор ), М.Т. Токомбаев, А.С. Стинский (М.Я. Клецель ғылыми жетекші т.ғ.д., профессор) ЖПО ФМБМ Новосибирск мемлекеттік су көлігі академиясының диссертациялық кеңесінде кандидаттық диссертацияларды табысты қорғады және олар техникалық ғылымдар кандидаттарының ғылыми дәрежелеріне ие болды.

Кафедрадағы жетекші ғалымдардың бастамашыл ғылыми-зерттеу еңбектері орындалып, белсенді түрде жалғасуда:

т.ғ.д., профессор В.М. Хацевский – энергия сақтайтын электр технологияларды өңдеу;

т.ғ.д., профессор М.Я. Клецель – электрэнергетикалық жүйелерді автоматтандырудағы құрылғыларды өңдеу;

т.ғ.д., профессор В.А. Бороденко – электрэнергетика жүйесін автоматтандырудың құрылғыларын өңдеу;

т.ғ.д., профессор А.Н. Новожилов – Электр машиналарын жөндеу әдістерін және құралдарын өңдеу;

т.ғ.к., ПМУ профессоры Мендыбаев С.А. – ток көздерінің сипататтамасымен вентильді қайта құруларын өңдеу;

т.ғ.к., кафедра меңгерушісі В.В. Кибартас – Электр механикалық түрлендіргіштерінің электрлік параметрлерін идентификациялау және координаталарын жанама бақылау.