Техника ғылымдарының кандидаты Мирошник Евгений Ефимович атындағы аудитория

Мирошник Евгений Ефимович  1928 жылы туылған. Ғалым-энергетик, жоғары білім уйымдастырушысы, техникалық ғылымдардың кандидаты, доцент.  1942 жылы Нижнетагиль тау-кен металлургия техникумына, 1944 жылы Криворожье тау - кен институтына оқуға түсті. 1949 жылы Лениногор полиметалл комбинатына электромеханик. 1950-1954 жылдары бас механиктің орынбасары, Соколь кенішінің бас механигі. 1956 жылдан бас механик, Текелі қорғасын-мырыш комбинаты директорының орынбасары.

1965 жылы Қазақ политехникалық институтының және Қазақ КСР ССО тау-кен өнеркәсібін электрлендіру және автоматтандыру кафедрасының доценті. 1968 - 1976 жылдары Павлодар индустриялық институтының ректоры. Ғылыми-педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін нығайтуға және арттыруға, оқу-әдістемелік және ғылыми жұмысты жақсартуға, мамандардың сапасын арттыруға, институттың материалдық-техникалық базасын құруға және жақсартуға көңіл бөлді. 1972 жылы институттың тұрғын үйі мерзімінен бұрын, ал 1973 жылы 656 орындық жатақхана енгізілді.