Мехлис Қасымұлы Сүлейменов 1939 ж. Қарағанды қаласында туған, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі, Қазақстан Республикасы президенттік Бейбітшілік және рухани келісім сыйлығының лауреаты
1960 жылы Қазақ мемлекеттік ауыл шаруашылығы институтын бітірген.
Еңбек жолы 1960 жылы Ақтөбе а.-ш. тәжірибе станциясының ғылыми қызметкері ретінде басталды. 1960-1962 жылдары – аспирантурада оқып, кейін Бүкілодақтық Астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында (БАШҒЗИ) аға ғылыми қызметкер (1965 ж.), егістік дақылдарының агротехникасы зертханасының меңгерушісі (1966-1980 жж.), егіншілік бөлімінің меңгерушісі (1980-1982 жж.), директордың ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары (1982-1985 жж.) болып жұмыс істеді. 1985-1994 жылдары Бүкілодақтық астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының, А.И. Бараев атындағы Қазақ АШҒЗИ директоры болып қызмет етті.
1994-1995 жылдары XIII шақырылған Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің депутаты. 1995-1996 жылдары Қазақ ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының Вице-президенті.
1997-2007 жылдары Ташкентте ИКАРДА құрғақ аймақтарындағы Орталық Азия және Закавказье бойынша Ауыл шаруашылығын зерттеу халықаралық орталығының өңірлік үйлестірушісінің орынбасары, кейін халықаралық СИММИТ бидай мен жүгеріні жақсарту орталығының кеңесшісі болып жұмыс істеді.
1973 – КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен "Еңбек Қызыл Ту" орденімен марапатталды, 1975-Небраска штатының Құрметті азаматы (АҚШ), 1976 — КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен "Құрмет Белгісі" орденімен марапатталды, 1980-КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен «Халықтар Достығы» орденімен марапатталды. 1992-Ақордадағы ҚР Президентінің қолынан Қазақстан Республикасының № 1 президенттік Бейбітшілік және рухани келісім сыйлығының лауреаты. 1998 – Қазақстан Республикасының «Астана» бірінші мемлекеттік медалімен марапатталған, 2009 - Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстанның аграрлық ғылымында сіңірген еңбегі үшін "Парасат" орденімен марапатталған, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Алғыс хатымен және төсбелгісімен марапатталған.
8(7182) 673685 (ішк. 1295)
e-mail: psu_at@mail.ru