Тәрбиелік жұмысы

Университетте және кафедрадағы тәрбиелік жұмыстың негізгі мақсаты болып ұйымдастырушылық қызметке мақсатты түрде студенттерді тарту, студенттің кешенді дамуы мен гармоникалық жеке тұлға ретінде қалыптасуына жәрдемдесу,шығармашылықа баулу, ғылыми дүниетанымын кеңейтуге ықпал жасау, жоғары мәдениеттілік пен азаматтық жауапкершілікті болуға үйрету табылады.

Тәрбиелік жұмысты ұйымдастыру үрдісіне білікті келіс оқу-тәрбиелік үрдістің барлық қатысушыларының позитивтік белсендіру және «адам-қоғам-табиғат» жүйесінде құндылықтарды қалыптастыруды қамтамасыз ететін, жеке жұмыстың жоғары деңгейінің қалыптасуына бағытталған.

ЖОО-ның түлегінің құзіреттілік үлгісі өзіне кәсіби шеберлікті, әлеуметтік-мәдени құзіреттілікті, жеке тұлғаның кәсіби және әлеуметтік ерекше сапаларының болуыан қосады.

Тәрбиенің жалпы мақсаты тәрбиелік құрылымдарының жүйесінің дайындалуы мен өзекті мәселелердің шешілуі арқылы жүзеге асырылады:

• студенттерде маңызды әлеуметтік мәселелерді қоғамдық жұмыстарға қатыстыру арқылы қалыптастыру;

• студенттердің өзіндік ойлау қабілетін қалыптастыру және шығармашылық өзіндік дайындау үшін жағдайлар жасау;

• студенттік бірлестікте денсаулықты сақтау және денсаулыққа қатысты құндылықтарды сақтауды қалыптастыру;

• әлеуметтік – мәдени белсенділікті, патриоттылықты, заңды және құқықты сыйлауды қалыптастыру;

• студенттерде ұнамшылдық құндылықтарды, рухани мәдениетті құру оны әрі қарай арттыруды қалыптастыру;

• кәсіби салада мақсаттылықты, жігерлілікті, бәсекеге қабілеттілікті қалыптастыру.

Студенттік жастармен тәрбилік жұмысты «Қаржы және есеп» кафедрасының оқытушыларымен келесі бағыттармен жүзеге асырылады:

• студенттік өзін–өзі басқару жүйесін жетілдіру;

• студенттік жастардың құқықтық және азаматтық-патриоттық тәрбиесін жетілдіру;

• университеттің ұжымдық дамуын және ұжымдық рухани тәрбиені дамыту;

• оқу үрдісіне қатысушылардың бойында ұнамшылдық тәрбиені жетілдіру;

• оқу үрдісінің қатысушыларының бойында шығармашылық белсенділікті арттыру;

• оқушылардың толерантты жүріс-тұрысының қалыптасуына тиімді жұмысты арттыруға, ұлтшылдық мен экстремизм туралы ойлар және әлеуметтік көтерілістердің болуының тәуекелін төмендетуге ықпал жасау;

• кәсіби-еңбектік тәрибені және түлектер мен студенттердің ақпараттандыру жүйесін жетілдіру;

• тұлғаның толық қанды рухани және физикалық дамуы үшін жағдайлар жасау;

• әлеуметтік қорғау қорларын қалыптастыру және рационалдық қолдану;

• тәрбиелік жұмыстың нәтижелілігін арттыру мақсатында оқытушылар мен студенттердің мотивациясының жүйесін арттыру.

Кафедраның тәрбиелік жұмысы әр түрлі қызмет түрлерін қосады.

Кафедрада тәрбиелік жұмыстарды ұйымдастыру және іске асыру келесі бағыттар бойынша іске асырылады.

1. Азаматтық-патриоттық және рухани моральды тәрбие. Құқықтық білім жүйесін жетілдіру, студенттің құқықтық санасының қалыптасыуына жағдай жасау, құқықты және міндеттерді сақтаудың қажеттілігін ұғыну, белсенді азаматтық көзқарасты тәрбиелеу, азаматтық-құқықтық мәдениетті қалыптастыру және Қазақстан Республикасының заңдарына құрметті студент жастарға дағдыландыру.

2. Студенттердің ғылыми зерттеу жұмысы. Бұл кафедраның тәрбиелік жұмысының басым бағыты

- зерттеу жұмыстарына уәждемені қалыптастыру;

- студенттің ғылыми әдіс танымын игеруге жәрдемдесу;

- болашақ мамандыққа шығармашылық қарым-қатынасты тәрбиелеу;

- студентті проблемаларды өздігінен шешудің әдістері мен амалдарын оқыту.

3. Мәдени-көпшілік және шығармашылық қызмет. Кафедра студенттік шығармашылық қызметті, ЖОО аралық, облыстық, аймақтық, республикалық конкурстарға, форумдарға және т.б. қатысатын студенттерді қолдайды.

4. Студенттерді қоғамдық пайдалы еңбекке және қаланың қоғамдық өміріне қатыстыру. Студенттердің денсаулығын нығайту үшін дене шынықтыру және спортты тиімді пайдалануды жоғарлату шараларын әзірлеу және жүзеге асыру, студенттермен әлеуметтік көмек және тәрбиелік жұмысты оңтайландыру мақсатымен қала және облыс мекемелерімен әрекеттесуін ұйымдастыру.

Ұйымдық қызметке тәлімдік жұмыс бойынша топтарға жетекші бекіту, бас корпуста және студенттік үйінде кезекшілік ету, өзін өзі басқару онкүндіктерін ұйымдастыру кіреді.

Өзін – өзі басқару онкүндіктері әрдайым студенттердің жауапкершілік, тындырымдылық, талаптылық, өзін-өзі дамытуға мүмкіндіктердің қалыптастырылуы мақсатымен өткізіледі.

Ұнамшылдық тәрбие беру – жетім студенттер, дәулетсіз мектеп оқышулары арасында акцияларға қатысумен жүзеге асырылады.

Патриоттық тәрбие беру – дәрістер, әңгімелер, дәстүрлердің сайысы.

Жыл сайын 15 қараша күні «Қаржы және есеп» кафедрасында Ұлттық валюта күнін атап өтеді.Осы мейрамға сәйкес факультет студенттеріне түрлі танымдық іс-шаралар өткізіледі.

Эстетикалық тәрбие беру – театрларға, музейлерге, шығармашылық көрмелерге, Студенттік Филармония ұйымдастырған концерттерге бару.

Салауатты өмір салтын қалыптастыру – АҚТҚ/ЖҚТС туралы дәрістер оқу, ЖҚТС орталықтарының мамандарымен кездесу өткізу. Кураторлар мен студенттер «Денсаулық күніне», спартакиадаларға, жыл сайынғы республикалық универсиадаларға қатысады.

Еңбектілікке тәрбиелеудің негізгі әдістері болып кафедраға бекітілген аудиториялар мен БОК (басты оқу корпусының) алаңын жабдықтауға қатыстыру болып табылады