Материалдық-техникалық базасы

Кафедра мамандықтарындағы оқу үрдісі қазіргі талаптарға жауап беретін материалдық-техникалық базаның қызмет етуіне негізделген. Оған бүгінгі күн талабымен жабдықталған арнайы дәрісханалар, абонементтік қызметі және оқу залдары бар кең ауқымды кітапхана қорлары, компьютер сыныптары, интернет-кафе, медиатека, спутниктік теледидар кіреді.

«Қаржы және есеп» кафедрасына келесі мамандандырылған аудиториялар бекітілген:

- А-526 «Қазіргі банктік технологиялар» кабинеті мамандық бойынша пәндердің дәрістік және семинарлық сабақтарын өткізуге арналған. Жалпы көлемі 51,7 шаршы метр.

Кафедраға келесі оқу аудиториялары бекітілген: № 323 – 35,1 шаршы метр, № 330 – 16,3 шаршы метр,№ 336 – 34,4 шаршы метр ,№ 336 а – 33,6 шаршы метр, № 442 – 34,5 шаршы метр, № 430 – 51,6 шаршы метр, № 525 – 33,7 шаршы метр.

Кафедрада білім алатын студенттер мен магистранттар қазіргі компьютерлік техникамен жабдықталған келесі компьютерлік және интернет-класстарға кедергісіз кіру мүкіндігі берілген: № А1-107, А-234, А-236, А-314, А-421, А-433, А-522, А-527, А-531, А-538.