ЕУРАЗИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ОДАҚ ПОСТКЕҢЕСТІК ЕЛДЕРДІҢ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ДАМУЫНЫҢ ҚОЗҒАУШЫ КҮШІ РЕТІНДЕ

«Әлеуметтану және саясаттану» кафедрасының меңгерушісі, саясаттану ғылымдарының кандидаты, доцент И.А. Қаливтің С. Торайғыров атындағы ПМУ-дың Ғылыми кеңесіндегі баяндамасы.

ХХ ғасырдың соңында КСРО-ның құлдырауына байланысты бұрынғы посткеңестік республикалардың қоғамтанушылары мен саясаткерлері арасында тығыз интеграцияны қалыптастыру қажеттілігі туды. ХХІ ғасырдың басында посткеңестік еуразиялық интеграция идеясы кең етек алды.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жобасына сай, Еуразиялық Одаққа алдымен бес бұрынғы КСРО республикалары: Ресей, Қазақстан, Белоруссия, Қырғызтан, Тәжікстан кіреді делінген. Кейін Одаққа Армения, Өзбекстан, Молдава сияқты мемлекеттер кіруі мүмкін.

ХХ және ХХІ ғасыр ширегінде Ресей мен Белоруссия Ынтымақтастықты құрды, ал кейін Одақтық мемлекет құрды. Бірақ, Одаққа деген сұраныс қала берді.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев Еуразиялық Одақты құруға байланысты Қазақстанның барлық ұстанымдарының мәселелерін айқындады. Атап кететін жайт, ТМД кеңістігінде жаңа интеграциялық бірлестік құру идеясымен Қазақстан Республикасының Президенті 1994 жылдың наурыз айында

Н. Ә. Назарбаевтың ұсыныстары төмендегіні қамтиды:

Біріншіден, интеграцияны экономикалық прагматизм негізінде құру. Еуразиялық Одақтың басты негізі - бірыңғай  экономикалық кеңістік. Ол елдер-қатысушылардың бірлесіп дамуының ауқымды арсеналы.

Екіншіден, интеграцияның еркіндігі. Әрбір мемлекет пен қоғам оның қажеттілігін түсінуі қажет.

Қазақстан, ылғи да Қазақстан мен Ресей - еуразиялық интеграцияның қозғаушы күші болып қалмақ.

Қазақстан Еуразиялық Одақты ашық жоба ретінде қарастырады. Оны өзге бірлестіктермен қоса қарастырған жөн.

Еуразиялық экономикалық одақ интеграциясы – бұл өзара әрекеттестік, өзара бейімдесушілік, ынтымақтастық, ұлттық шаруашылықтарды біріктіру ғана емес, қайта қалыптасу, бұл жаңа тұтастық. Ол жаңа біріктіруші идеяларды қажет етеді.

2000 жылдың 10 қазанында Астана қаласында Еуразиялық экономикалық қауымдастықты бекіту келісіміне қол қойылды, ол 2001 жылдың 30 мамырында өз күшіне енді. Бұл қауымдастыққа Беларуссия Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы мен Тәжікістан Республикасы енді. Бақылаушы дәрежесіне Украина, Молдова және Армения ие болды.

Келісімге қол қойылғаннан кейін жеті жылдан соң Душанбеде бес мемлекет басшыларының қатысуымен бірыңғай кедендік территорияларды құру туралы Келісім қабылданып, 2008-2010 жылдарға арналған кеден одағын қылыптастыру жоспары бекітілді. Бұл құжаттар Белоруссия, Қазақстан және Ресей арасындағы кедендік одақтың стратегиясын қалыптастырды.

2009 жылдың басында халықаралық ұйым дәрежесі бар Кедендік одақтың Комиссиясы құрылды. Бұл елдердің белсенді жұмысының арқасында 2010 жылдың 1 қаңтарында Кедендік одақ келісімдік-құқықтық база негізінде жұмысын бастап кетті. 2011 жылдың 1 шілдесінен бастап үш елдің кедендік территориясы бір кедендік территорияға бірікті.

2010 жылдың желтоқсанында Белоруссия, Қазақстан және Ресейдің бірыңғай экономикалық кеңістігін кеңейтетін 17 базалық Келісімнен тұратын құжаттар топтамасына қол қойылды. 2011 жылы бекітілгеннен кейін 2012 жылдың 1 қаңтарында өз күшіне енді.

Экономикалық мақсаттылық пен Бірыңғай экономикалық кеңістікті қалыптастыру бірнеше артықшылықпен сипатталады. Тауарларды өндіру нарығының кеңеюімен байланысты бірыңғай кедендік территорияларда трансшекаралық ғылыми-техникалық және өндірушілік кәсіпорындарды қайта қалпына келтіру жоғары деңгейде шығарылатын тауарлардың сапасын арттырмақ.

Кедендік одақты қалыптастырудың тағы бір оңтайлы жағы – одақ мемлекеттерінің транзиттік мүмкіндігін арттырады. Ішкі шекараларда еш кедергісіз жүк тасымалын қамтамасыз етеді. Келешекте бұл инфрақұрылымға қол жеткізеді, ал ол өз алдына Қазақстан мен Белоруссияға аса маңызды.

Сөйтіп, қазіргі еуразиялық экономикалық интеграция мен институттық негіз мемлекеттердің экономикалық жақындастығынан туындайды.

2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап Бірыңғай экономикалық кеңістікті құрудың тәжірибелік кезеңі басталды. Яғни үш мемлекеттің экономикалық саясатының және қызмет көрсетудің трансшекаралық еркіндігін қамтамасыз етеді. Бизнестің ұлттық субъектілері әр мемлекеттегі инфрақұрылымға тең түрде қол жеткізе алады. Алда бірыңғай көліктік, энергетикалық және ақпараттық жүйелер орнайды. БЭК интеграцияның жоғары деңгейіне өтудің бір жолы болып табылады.

БЭК негізгі мақсаттары:

- жалпы тауарлар нарығының тиімді түрде қалыптасуы;

- Жақтардың тұрақты экономикалық дамуына жағдай жасау;

- салықтық, ақшалық-несиелік, валюталық-қаржылық, сату-кедендік және тарифтік саясатты келістіру;

- бірыңғай көліктік, энергетикалық және ақпараттық жүйелерді дамыту;

- экономика салаларын дамытудың жалпы жүйесін қалыптастыру.

Бірыңғай экономикалық кеңістік экономикалық интеграцияның терең формасы болып есептеледі. Ол өзіне Кедендік одақтан басқа қызмет көрсету, капиталл, еңбек ресурстарын қамтиды.

Ресей, Белоруссия және Қазақстан араларында Еуразиялық экономикалық одақтың қалыптасуы жалпы тауарлар нарығының пайда болуымен тығыз байланысты, ол мемлекеттердің экономикалық дамуын қамтамасыз етеді.

Еуразиялық экономикалық одақ БНҰ белгілеген ережелері мен халықаралық құқық нормаларына сай жасалынған және жаһандану үрдісімен анықталады. Интеграцияның аймақтық формаларымен қатар интеграцияның жеке элементтерін де таңдауға болады. Мысалға, бірыңғай қаржылық реттеуші қалыптастыруға болады. Жоба жоспары, сондай-ақ ЕЭК Кеңесінің шешімі «Еуразиялық экономикалық кеңістік Келісімі жобасының жұмысын ұйымдастыру»комиссияның 12 наурыз күні болған отырысында мақұлданды. Бұл құжаттарды ЕЭК Кеңесінің отырысында қарастыру жоспарлануда. 

Жоба жоспарына сай 2013 жылы Келісімді даярлау барысында түрлі іс-шаралар іске асырылды. 2014 жылдың ақпан айында Еуразиялық экономикалық комиссиясының коллегия отырысына шығарылды.

Бүгінгі таңда ЕурАзЭЫ шеңберінде оның қызметіне қатысты түрлі аспектілер бойынша бірнеше актілер қабылданды. Интеграциялық ынтымақтастықтың келесі бағыттары анықталды:

- кеден одағы мен бірыңғай кедендік территория қалыптастыру;

- келістірілген экономикалық саясат жүргізу;

- экономика секторының белсенділігін арттыру;

- энергетикалық нарықты өзара дамыту;

- Көліктік одақты қалыптастыру және ЕурАзЭЫ транзиттік келешегін дамыту;

- агрокәсіптік секторда өзара әрекеттесу;

- әлеуметтік-гуманитарлық салада және көші-қон саясатында өзара әрекеттесу.

2014 жылдың маусым мен желтоқсан айларының аралығында бекіту шаралары іске асады, ал 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап Еуразиялық экономикалық одақты құру туралы келісім күшіне енуі қажет.

Әлемде болып жатқан оқиғалар үш жақты Еуразиялық экономикалық одақ құруына итермелейді.

Ресей, Белоруссия және Қазақстан арасында еуразиялық экономикалық одақты құру 2015 жылға жоспарлануда. Ол үш мемлекет арасындағы экономикалық интеграцияның қазіргі формасы болуы тиіс. Қазір олар ортақ кедендік территорияға ие, оның ВІӨ ТМД елдерінің 85% құрайды.