ПжПҒББО мақсаты:

- кәсіби (құзіретті) кадрларды даярлау мүмкіндіктері мен сұраныстарының негізінде коммуникациялар мен стандартизация саласы, жаңа білім беру бағдарламасының жүйесін жасау;

- оқыту бағдарламаларын жаңартуға арналған құралдар мен шешімдер даярлау.

ПжПҒББО міндеттері:

1. Мектеп пен жоғары оқу орнының өзара тиімді және сындарлы жұмысына ықпал ететін нақты құралдарды әзірлеу (оқыту бағдарламаларын сапалы жаңартуға әдістемелік материалдарды дайындау, педагог пен коучтің шығармашыл тандемін құру, педагогикалық курстар мен педагог-коучтардың жұмыстарының  көрмелерін ұйымдастыру және өткізу)

2. С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті ПжПҒББО бизнес пен өндіріске жаңа технологиялардың «ұстаханасы» болады, жаңартылған оқыту бағдарламаларының контентіне айналады, нәтижесінде ЖОО өнімі – құзіретті студент. 

3. ЖОО үшін ПжПҒББО кәсіби қайта даярланғысы келетін талапкерлер мен азаматтар арасында сұранысты жоғарылатын және ықпал ететін жаңа маркетингтік құралға айналады.

4. ПжПҒББО қала мектептері мен ЖОО-на арналған коуч-технология бойынша бағдарлама әзірленіп, «Жалпы кәсіби ойлау мен қызметтің функционалдық құралдары», сонымен қатар сервис қызметтер жобасы даярланады.

5. Үздіксіз СМАРТ-ВУЗ жобасына инвесторларды іздестіру және тарту.

6. С. Торайғыров атындағы ПМУ Психология және педагогиканың ғылыми-білім беру орталыының базасында білім беру технологияларының зертханасын құру.

ПжПҒББО жұмыс мазмұны:

Психология жән педагогиканың ғылыми-білім беру орталығы келесі бағыттар бойынша 2050 мемлекеттік бағдарламасын іске асыру процесінің зерханасын жасайды: білім беру, медициналық-әлеуметтік, өндіріс, бизнес пен құқық.

1. Коуч-технология ( + ) және ( - ) жоғары мектеп жүйесінде.

2. С. Торайғыров атындағы ПМУ Психология жән педагогиканың ғылыми-білім беру орталығы:

- ЖОО-ның имдж контентін (коуч-технология арқылы практикоориентированный және жоғары технологиялы құрал жасалады);

- ПОҚ мен мұғалімдердің құралдары – коуч-технологиялар арқылы;

- коуч-технологияларды ұлғайтудың педагогикалық құрылымын  коуч-технологияларға дайын ПОҚ арқылы  өсіру, мұғалімдермен бірлесе тиімді оқыта алу мүмкіндігі (3% - дан 15% - ға «үздік» бағаға оқитын оқушылардың санын арттырамыз)

ПжПҒББО мектептермен жұмыс нәтижелері:

1. Оқу үлгерімін тексеру срездерінде жалпы көрсеткіш артады;

2. Мұғалім мен ата-ана, мұғалім мен мұғалім, мұғалім мен басшылық арасында жағымды қарым қатынас орнайды.

3. Мектеп беделі артады.

4. Әлеуметтік желілер арқылы мектептің танымалдығы артады.

5. Білім беру қызметтері нарығында бәсекелестік артады.

ПжПҒББО арқылы коуч-технологияларды енгізуді жүзеге асыру қадамдары: коуч-зертханада 10-12 адамға коуч-технологияны оқытамыз, коуч-тренер сертификаты оларға ПОҚ мен мектеп мұғалімдеріне осы технолгияларды үйрету құқығын береді;

- ПжПҒББО-ның коуч-лабороториясы арқылы – студенттерге коуч-технологияларды үйрету үшін семинарлар өткізу;

- ПжПҒББО-ның коуч-лабороториясы арқылы – оқыту бағдарламаларын сапалы жаңарту бойынша әдістемелік материалдар әзірленеді;

- ПжПҒББО-ның коуч-лабороториясы арқылы – педагогтар мен ЖОО-ның коуч-тренерлерінің шығармашылық шеберханалары құрылады;

- ПжПҒББО-ның коуч-лабороториясы арқылы – педагогикалық сайыстар мен ЖОО-ның коуч-тренерлерінің жұмыс көрмелерін ұйымдастыру және өткізу;

- ПжПҒББО-ның коуч-лабороториясы арқылы – оқытуда қиындықаты бар балаларға осы мәселені шешіп, кедергілерді жою үшін жеке консультациялар өткізу. 

Басшылық

Каирбекова Багжанат ДындарбеккызыТәжірибелік психология және педагогика ғылыми-білім беру орталығының директоры, қауымдастырылған профессор (доцент)

Ғылыми, академиялық дәрежесі: педагогика ғылымдарының докторы

Ғылыми, академиялық атағы:  -

Білімі:

- жоғары, Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, мамандығы - «Филология», 1987;

- педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі, Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, мамандығы - 13.00.01 - «Педагогика және психология», 2006;

- педагогика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесі, Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, мамандығы - 13.00.01 - «Педагогика және психология», 2011.

Оқытатын пәндері: Актуальные проблемы теории и методологии социальной работы, Гендерные исследования в социальной работе. Магистрлік және докторлық диссертацияларға жетекшілік етеді.

Еңбек өтілі: 35 жыл

Ғылыми еңбектер тізімі: 60-тан астам ғылыми басылым (монографиялар, оқулықтар, оқу құралдары, кітаптар, 2 әлеуметтік жоба).

Ғылыми зерттеу аясы: Жоғары мектептегі болашақ мамандардың деонтологиялық қасиеттерін қалыптастыру

Кәсіби жетістіктер:

2006 ж. – Павлодар облысы ауыл мектептерінің оқу үдерісіне жаңа инновациялық технологияларын енгізу үшін «Үздік әдіскер» атағын алды

2007 ж. – «Білім берудің тиімді көшбасшысы» Республикалық конкурсының жеңімпазы (Алматы қ.)

2008 ж. - «ЖОО ғалымдары ауыл мектептерге» жобасының авторы, ШҚО мен Павлодар облысының мектептерімен белсене жұмыс істейді

2012-2013 жж. – «ХХI ғасыр педагогикасы» атты Халықаралық білім беретін жоба шеңберінде «ЖОО педагогикасындағы құзыреттілік тәсіл» тақырыбы бойынша қашықтықтан оқу курсын ойдағыдай өтті, «Шексіз оқу»  заманауи педагогика орталығы (Монреаль, Канада)

2013 ж. – «Золотой Соболь» атты PR және жарнама аясындағы кәсіби жетістіктерін тану бойынша V  Халықаралық конкурсының жеңімпазы, «Болашақ маманның деонтологиялық қасиеттерін қалыптастыру» тақырыбы бойынша жоба үшін, Новосібір қ.

2015 ж. – Павлодар облысының 50 табысты әйелдер туралы «Қазақстанның қанатты әйелдері» атты кітабына кірді. Кітап Қазақстанның іскерлік әйелдер қауымдастығының 20 жылдығына орай шыққан.

2015 ж. – жастармен жұмыс бойынша жоғары көрсеткіштерге жету мен өңірдің дамуына үлес қосқаны үшін облыс әкімінің мадақтамасымен марапатталды

2016 ж. - жастармен жұмыс бойынша жоғары көрсеткіштерге жету, «Дипломмен ауылға» атты конкурсты ұйымдастыру мен өткізу үшін Павлодар қаласының әкімінің мадақтамасымен марапатталды. 

Б. Д. Каирбекованың жетекшілігімен 1 докторлық, 19 магистрлік диссертациялары қорғалды.