Торайғыров университетінің биотехнологтері Құралай Исаеваның жетекшілігімен ежелгі көшпенділер асының технологиясын жаңғыртып, әдісті қазіргі жағдайға бейімдеді.

Ғалымдардың айтуынша, елімізде ет пен сүт жеткілікті болғанмен, дәстүрлі деликатестердің қарқынды өндірісі жоқ.

Құрт, қызыл ірімшік, сүр ет - көшпенділердің негізгі асы болды. Осы ұлттық тағамдар туралы Қалмаққырған конференциясында ұсынылып, жұртшылықтың көңілінен шықты.

«Еліміздің климаттық жағдайы мен шаруашылық типі қазақтардың тамақтану моделіне әсер еткені белгілі. Ет пен сүтті дұрыс өңдеу, сақтау көшпенділерді қажетті энергиямен ұзақ мерзімге қамтыды.  Ас мәзіріндегі сүт пен еттің үйлесімдігі жыл мезгіліне байланысты болды. Қазіргі таңда ұлттық тағамдардың басым бөлігі деликатес санатында, тек үй жағдайында әзірленеді». Сатылымда бар, бірақ, фермерлік нарықтарда ғана кездестіреміз», - дейді Құралай Сметканқызы.

Жүргізілген зерттеу жұмыстарының барлығы қорғау құжаттарымен расталған, яғни,  бірегей болып табылады. Торайғыров университетінің ғалымдары әдістерді өндірісте қолдануға көмектесуге дайын.