Торайғыров университетінің студенттері «Әлеуметтік жұмыс», «География», «Көлік, көліктік техника және технологиялар» мамандықтары бойынша өткен пәндік олимпиадада жүлделі орындарға ие болды.

Үздік әлеуметтік қызметшілер (Арна Сламхан, Аманжол Иманкұлов, Баян Тиловбердиева) және үздік географтар (Аида Нұржанова, Ғалиябану Ғалиева және Нұрхат Назимбеков) Қуандық Тайболатов пен Шынар Қайырованың жетекшілігімен үздік үштіктердің қатарына енді.

Нәтижесінде жалпыкомандалық есепте екінші және үшінші орындарға ие болды.

Ал Жалғас Ғабдолла мен Максим Семенчук Нұрболат Сембаевтың жетекшілігімен жеке есепте жақсы нәтиже көрсетті. Студенттер «Көліктік техниканың энергетикалық құрылғылары», «Инженерлік механика» бағыттары бойынша екінші және үшінші орындарға ие болды.