С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде жас ғалымдар Кеңесінің отырысы өтті.

Кездесу барысында оқу орнының басшылығы мен жас ғалымдар арасында тиімді диалог орнады.

PhD докторы Александр Нефтисов өткізілетін конференциялардың форматын көрші елдердің тәжірибесіне сүйене отырып, жетілдірудің қажеттілігі туралы сөз өрбітті.

«Біздің университеттің базасында Scopus платформасында жазылатын материалдар ұсынылатын конференцияларды өткізу керек. Бұл мақалалардың ғылыми деңгейін арттырып, ғалымдарымыздың Хирш индексін арттырады», - дейді А. Нефтисов.

Жиналған қауым зерттеу жұмыстарын коммерцияландыру, жарияланым белсенділігін ынталандыру, сонымен қатар, С. Торайғыров атындағы ПМУ журналдарының редакциялық коллегиясына жас ғалымдарды қосу мәселесі талқыланды. Кандидаттар әр бағыт бойынша ғылыми еңбектері мен жетісткітеріне орай іріктеледі.

Айта кетейік, биылғы жылы университеттің 26 ғалымы қолданбалы және іргелі зерттеулер бойынша гранттық қаржыландыру байқауына өтініш білдірген.