ПМУ ғалымдары Алевтина Цветкова және Анар Уызбаева халықаралық фольклорлық экспедициядан оралды.

Алтай республикасының Усть-Коксин ауданындағы экспедицияға АҚШ студенттері қатысты. Олардың қатарында Лилиан Познер (Джорджтаун университеті, Вашингтон, Колумбия округі) және Марк Гилман (Гаучер-колледж, Балтимор, Мэриленд штаты).

Экспедиция жетекшісі, ф.ғ.к., филология кафедрасының профессоры Алевтина Цаеткованың айтуынша, зерттеу жұмыстары барысында дәстүрлі әндер, салт-дәстүрлер туралы ақпараттар, ауыз әдебиетінің үлгілері жинақталды.

«Түрлі халықтардың салт-дәстүрлері ұқсас келеді. Сондықтан, біз бәріміз әлемнің адамдары екенімізді түсінуге болады. Халықтардың көптеген дәстүрлері бүгінгі заманға оңай бейімделеді», - дейді А. Цветкова.

Халықаралық серіктестік «Орыс фольклорының американдық достары» коммерциялық емес ұйымының қолдауы шеңберінде жүзеге асты.

Айта кетейік, бұл - екінші бірлескен экспедиция.