С. Торайғыров атындағы ПМУ жаратылыстану және химиялық технологиялар фкультеті және «Мониторинг» ғылыми-зерттеу экологиялық орталығының ғалымы Сергей Титов – Загреб университетінің биологиялық факультетінде (Хорватия) докторлық диссертациясын сәтті қорғаған алғашқы қазақстандық.

Докторантурада білім алу PMF (Biološkiodsjek, Prirodoslovno – matematičkifakultet) жаратылыстну ғылымдары факультетінің бзасында өтті.

С. Титов профессор dr. sc. MladenKučinić мырзаның жетекшілігімен жазылған диссертациялық зерттеуінде «Қазақстанның Солтүстік-Шығыс қылан тәріздес қабыршаққанатты жәндіктердің фаунистикалық, таксономикалық және биогеографиялық ерекшеліктері» (Insecta, Lepidoptera, Noctuoidea) тақырыбы бойынша нәтижелерін паш етті.

«Noctuoide фaунасының егжей-тегжейлі сараптамасы алғаш рет жүргізіліп, Солтүстік-Шығыс Қазақстан аумағында кең тараған қабыршаққанатты жәндіктердің геоботаникалық, биотоптық, лндшафтты-биотопты, экологиялық, биогеографиялық, таксономикалық, фаунистикалық ерекшеліктері туралы мол ақпарат алынды. Зерттеу барысында 485 түрі алынды. Оның ішінде әлемдік ғылымға бейтаныс болып келген көбелектің екі түрі табылды. Олар Orthosiaronkayorum және Victrixakbet деп аталады», - дейді С. Титов.

Салтанатты шара барысында Загреб университетінің ректоры DamirBoras түлектерді құттықтап, дипломдар мен атаулы DR.SC медальдарымен марапаттады.

Айта кетерлігі, аймақта осы тектес зерттеулер бірінші рет жүргізілді.