Орыс филологиясы кафедрасының студенттері профессор-оқытушылар құрамымен бірлесіп Ұлы Жеңістің 74 жылдығына орай «И помнит мир спасенный...» атты әдеби-музыкалық кеш өткізді.

Кездесу барысында қатысушылар 1941-1945 жылдардағы негізгі оқиғаларды: Мәскеу түбіндегі шайқасты, Ленинград қоршауын, Сталинград шайқасын, партизан қозғалысын және басқаларын А. Твардовскийдің, М. Алигердің, И. Друнинаның, С. Шипачевтің, К. Симоновтың шығармаларымен суреттеп, еске түсірді. Қатысушылар соғыс тақырыбында әндер шырқады, сондай-ақ өз отбасыларының, соғысты бастан кешкен ата-аналарының әңгімелерімен бөлісті.

Балалар павлодарлықтардың ерліктерін ерекше атап өтті.

«Соғыс жылдарында облыста жүз мыңға жуық ерлер мен әйелдер әскер ісі және әскери мамандықтар бойынша білім алды. Павлодар облысының армиясына 40486 адам жұмылдырылды. Майдандағы адам шығыны 21 830 адамды құрады. Біздің жерлестеріміз барлық ірі шайқастарға қатысты. 10 мыңнан астам әскери марапатқа ие болды. Павлодардан 23 адам Кеңес Одағының Батыры атағын алды, 8 адам Даңқ орденінің кавалері болды», - деп атап өтті 3 курс студенті Адила Ибраева.

PhD докторы Айман Нұрғазина өз сөзінде Ұлы Отан соғысының батырлық және қайғылы жылдары жыл өткен сайын алыстап бара жатқанын атап өтті.

«Уақыттың өз жадысы бар, ол – тарих. Әлем бұл қайғыны ешқашан ұмытпайды. Бүгінде біздің басты міндетіміз – сол жылдардағы оқиғалар қайталанбауы үшін соғыс жадысын сақтап қалу», - деді А. Нұрғазина.

Кездесу соңында қатысушылар қаза болғандарды бір минут үнсіздікпен еске алды.