С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын қолдау мақсатындағы шара өтті.

Кездесуге жоғары оқу орнының профессорлық-оқытушылық құрамы, магистранттар мен студенттер қатысты.

Саясат.ғ.к., профессор Ғани Елмұратов сайлау тәуелсіз елдің зайырлығының негізгі белгісі және басты механизмі екенін жеткізді. Саяси науқан билік органдары өкілдерінің қоғамның түрлі өкілдерінің қызығушылықтарын ұсынудың маңызды арнасы іспеттес.

PhD докторы, қауымдастырылған профессор Аслан Азербев Тұңғыш Президент тұсында туып-өскен ұрпақ сайлауға міндетті түрде қатысып, дұрыс таңдау жасау керектігін айтты.

«Сайлауға қатысу - бұл маңызды конституциялық құқық болумен қатар, саяси жауапкершілікті талап ететін оқиға», - дейді А. Азербаев.

Жиналған қауым кезектен тыс сайлау Қазақстан халқына дұрыс таңдау жасауға мүмкіндіктің бірі деген ойға келді. Сайлау ҚР-ның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен қолға алынған әлеуметтік бағдарламаларды табысты жалғастыруға сеп болмақ.