С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде «Ұлы жібек жолындағы кездесулер» атты республикалық студенттік театр фестивалі өтті.

Шараның мақсаты - Қазақстандағы кәсіби емес студенттік театр қозғалысын дамыту, жастар шығармашылығын дамыту және көрермендерді эстетикалық тұрғыдан тәрбиелеу.

Фестивальді университеттің тәрбие ісі және әлеуметтік мәселелер жөннідегі департаменті, «Рухани жаңғыру» институты, «Мұрагер» шығармашылық ұжымы ұйымдастырды.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруға бағытталған шараға Нұр-Сұлтан, Ақтөбе, Семей және Павлодар қалаларының студенттік театрлары мен шығармашылық бірлестіктері қатысты. Жергілікті университеттің «Мұрагер» шығармашылық ұжымы конкурстан тыс өнер көрсетті.

Фестивлаь үш кезең бойынша өрбіді. Жастар өз топтарын таныстырып, «тарихи қойылым» атты үй тапсырмасын паш етті. Қатысушылар үшін импровизация кезеңі қиынға соқты. Жастар шағын уақыт ішінде сахнада тапсырылған қойылымды сахналап шығу керек болды. Қазылар алқасы таңдалған репертуар, актерлік шеберлік, образдарды ашу, сонымен қатар, режиссерлік ойды бағалады.

Фестиваль қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды. Бірінші орынға Мұқан Төлебаев атындағы музыкалық училищесінің «Дала» командасы ие болса, екінші орын Ақтөбе гуманитарлық колледжінің «Ақберен» шығармашылық бірлестігі бұйырды. Л. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетінің «Шаңырақ» құрамасына жеңімпаздар үштігін түйіндеді.

Жеңімпаз командалар 100 000, 50 000 және 30 000 теңгенің ақшалай сертификаттарына ие болды.