Назарбаев Зияткерлік мектебі оқушыларының зерттеу жұмыстарының нәтижелері бірден екі сайыста жоғары бағаланды. Инновациялық жобаның ғылыми кеңесшісі б.ғ.к., агротехнология кафедрасының қауымдастырылған профессоры Виктор Камкин болды.

Балалар керосинді зымыран отынының төгілуін болдырмау және зымыран тасымалдағыштардың бөлінетін бөліктерінің құлайтын аудандарында топырақтың құнарлылығын қалпына келтіру туралы мәселелерді қарастырды.

Жұмыстар В.В. Вернадский атындағы XXVI Бүкілресейлік жастар оқуларында ұсынылды (Мәскеу қаласы, Ресей Федерациясы), онда Ислам Асанов 1 орынды иеленді, сондай-ақ, «Open the world of science» XV Халықаралық ғарыштық зерттеулер байқауында (Байқоңыр қ., Қазақстан) Абылайхан Мустафин 1 орынға ие болды.

Болашақ ғалымдар топырақтың құнарлылығын арттыруға және қасиеттерін жақсартуға арналған ең жақсы зат NPK сұйық кешенді тыңайтқыштың және белсендірілген көмір ұнтағының қоспасы болып табылатындығын дәлелдеді.

Бұл қоспа Қазақстан Республикасының экология жағдайында зымыран-ғарыш қызметінің теріс салдарларын жедел жою үшін ұсынылған.

Еске сала кетсек, агротехнология факультетінің ғалымдары 2017 жылдан бастап Павлодар қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі оқушыларының зерттеу жобаларына ғылыми басшылық жасап келеді.