19 сәуір күні С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындары ректорлары кеңесінің көшпелі отырысы өтті.

Кәсіпкерлік білім беруді дамыту мәселелерін талқылауға отандық және шетелдің Томск, Омбы, Новосібір облыстары мен Алтай өлкесінің университеттерінің басшылары жиналды. Іс-шараға сонымен қатар Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов пен Қазақстан ЖОО ректорлары кеңесінің төрағасы Ерлан Садықов қатысты.

«Бүгінде біздің алдымызға Қазақстанның тұрақты дамуына, халықтың лайықты өмір сүру деңгейін қамтамасыз етуге және әлемдік қауымдастыққа кіруіне қол жеткізуге кепілдік беретін стратегиялық мақсаттар мен міндеттер қойылады. Мұндай міндеттердің бірі – кәсіпкерлікті дамыту. Біздің білім беру жүйеміз кәсіпкерлік идеялар мен жобаларды қабылдап, жүзеге асыра алады. Біздің мақсатымыз жас талантты кәсіпкерлер мен инновациялық жобалар авторларын, инвесторларды, технопарктердің, жетекші өңірлік жоғары оқу орындары мен ғылыми институттардың өкілдерін қалыптастыру», – деп атап өтті Болат Бақауов.

Өз баяндамасында С. Торайғыров атындағы ПМУ ректоры, филос.ғ.к. Гауһар Ахметова сұранысқа ие кадрларды дайындау – білім беру қызметі сапасының басты индикаторларының бірі екенін атап өтті.

«Әрбір ЖОО осы көрсеткішке жету үшін өз формуласын табуы керек. Және бұл формула жұмыс істей ме, жоқ па, оны тек практикада ғана анықтауға болады. С. Торайғыров атындағы ПМУ соңғы бірнеше жыл бойы осыған мақсатты түрде келді, енді мұнда түлектердің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін үш негізгі компонентке басымдық беріледі. Бұл – экономиканың нақты секторымен тығыз ынтымақтастық, қазіргі заманғы білім беру технологияларын қолдану және кәсіпкерлік ортаны қалыптастыру. Егер бұрын бізде ПМУ студенттері жұмыс іздемей, тек жұмыс орнын құрады деген ұран болса, енді біз оны толықтырамыз, әрбір осындай жұмыс, әрбір бизнес-жоба ең алдымен өмір сүру ортасын жақсартуға, адамның өмір сүру сапасын арттыруға ұмтылу, шындықты енгізу және өзгерту», – деді Г. Ахметова.

Отырыс аясында жоғары оқу орындарының бірінші басшылары арт-garagе бен Demo Day ашылған стартап академиясын аралады. Жаңа стартаптарды тек Павлодар облысының ғана емес, бүкіл Қазақстанның ірі өнеркәсіптік кәсіпорындары мен компаниялары инвестициялайтын болады.

Қонақтарға 20-ға жуық стартап-жобалар, соның ішінде Омбы және Новосібір университеттерінің жобалары, сондай-ақ С. Торайғыров атындағы ПМУ-дың кәсіпкерлік және кәсіпкерлік білімді дамыту бойынша экожүйесі таныстырылды.

ПМУ-дың спиноферлері Александр Нефтисов, Сәкен Ордабаев және Вячеслав Монахов өз әзірлемелері туралы айтып берді, ол атмосфералық ауаны ластамайтын және шу тудырмайтын «TOR» электробайкасы, «ATMOS WATER» – ауадан алынатын су, сутегі генераторы – отынның неғұрлым тиімді және арзан түрін жасайды.

Отырыс Demo Day қорытындыларын шығарумен аяқталады. Р. Омаров атындағы Қазақ ұлттық аспаптар оркестрі мерекелік концерт қояды.