С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің студенттері Алматыдағы Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясының базасында өткен республикалық пәндік олимпиададан табысты нәтижелермен оралды.

Жарысқа «Сәулет», «Дизайн», «Құрылыс» және «Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларын өндіру» мамандықтары бойынша оқитын Қазақстанның он бір жоғары оқу орындарының студенттері қатысты.

Қазылар алқасы мүшелерінің бағалауы бойынша С. Торайғыров атындағы ПМУ студенттерінің жұмыстары жоғары нәтижеге ие болды.

«Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларын өндіру» мамандығы бойынша II дәрежелі дипломмен студент Айдана Шапен марапатталды.

«Дизайн» мамандығы бойынша III дәрежелі диплом студент Зарина Сыдыкованың жұмысына берілді.

«Құрылыс» мамандығы бойынша екінші орынды Махамбетұлы Нұрмұхаммед, үшінші орынды Марат Ордабаев жеңіп алды.

«Сәулет» мамандығы бойынша байқау жобасын кәсіби орындағаны үшін жоғары марапатпен – Қазақстан Сәулетшілер одағының Дипломымен студент Аида Дүйсембаева марапатталды.

Студенттер Анель Абдрахманова мен Алтынай Алиева – жоғары сәулет-көркемдік идеялары үшін сертификатқа ие болды.