Жиналғандар алдында С. Торайғыров атындағы ПМУ-дің даму стратегиясы, тәрбие және әлеуметтік жұмыс жөніндегі проректоры, саясат.ғ.д. Арман Ақышев сөз алды. Проектор жоғары оқу орны еріктілер қозғалысы мен қайырымдылық дәстүрімен мақтана алатынын айтты.

«Бүгінде еріктілердің гуманистік идеялары ондаған өмірлік белсенді ұстанымы бар студенттің басын қосып отыр. Олар жасампаз істерді қолға алып, қоғамға пайда келтіргісі келеді», - дейді А. Ақышев.

Осы уақыт аралығында «LAVIE ДОБРО» еріктілер жасағы маңызды істердің бетін қайырды. Белсенділердің жұмысы шаралар мен конференцияларды ұйымдастырумен шектелмейді. Олар көмекке зәру жандарға әлеуметтік қолдау көрсетеді. Еріктілер көптеген қайырымдылық шараларын өткізді: қайырымдылық жәрмеңкелер, отбасы типіндегі балалар үйіне бару, аутист балаларды оңалту орталығына бару. Жуырда отрядтың еңбегі облыстық «VOLUNTEER.PVL» форумында еленді. Белсенді студенттердің жиыны Friday Lamb солистерінің шығармашылық шарасына ұласты.