С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ректоры «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» – «Серпін» мемлекеттік бағдарламасы бойынша білім алып жатқан соңғы курс студенттерімен кездесті.

Шараға Павлодар облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы көші-қон бөлімінің басшысы Меруерт Есембаева және ПМУ-дің профессорлық-оқутышылық құрам ықатысты.

Кездесу барысында М. Есембаева жастарға Павлодар облысына қоныс аудару бағдарламасы туралы айтып берді. Мемлекеттік бағдарлама қатысушылары үшін материалдық көмек, тұрғын үйда жалға алу шығынын өтеу, жұмысшы жастар үшін жатақхана бөлмесін ұсыну, еңбекпен қамтуға көмектесу, жаңа жерде кәсіпкерлікті дамытуға қолдау және өзге де жеңілдіктер қарастырылған.

Еск есала кетсек, биылғы жылы С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінен «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» – «Серпін» бағдарламасы бойынша білім алған алғашқы түлектер легі түлеп ұшады. Биыл 16 білім беру бағдарламасы бойынша білім алған 267 студент оқуын тәмамдайды.

Оқу жылы ішінде университетте жастарды еңбекпен қамту бойынша шаралар ұйымдастырылды. Кездесу нәтижесінде бірқатар студент «Алюминий Казахстана» АҚ, «KSP Steel» АҚ ПФ, «ПРЭК» АҚ және өзге өндіріс орындарына жұмысқа орналасты.