С. Торайғыров атындағы ПМУ-да «АУЫЗ-TEA» атты іс-шара өтті, шара барысында қонақтарға қазақтың шәй дәстүрі туралы айтылды.

Іс-шара халықтың бірлігі мен тұтастығын нығайтуға, басқа елдердің дәстүрлеріне құрметпен қарауға, сондай-ақ жастар ортасында ұлттық салт-дәстүрлерді насихаттауға бағытталды.

Қатысушыларға хош иісті сусыннан дәм татқыза отырып, оларға бұл рәсімнің тарихы мен ерекшеліктері туралы айтылып өтті.

«Кез-келген мерекелік дастарханның басында әрдайым алдымен шай беріледі. Шай ішкеннен кейін ет, одан кейін қымыз беру қалыптасқан. Қазіргі заманғы қазақтар көбінесе қымыздың орнына қайта шай береді… Бүгін біз тек сүтпен шай ішеміз, бірақ ол әрдайым олай болған жоқ. Көп жағдайда қазақтардың шай дәстүрлеріне көршілес тұрған халықтар әсер етті. Мәселен, солтүстікте тұратын қазақтар ұзақ уақыт бойы сүтсіз шай ішкен, бұл әдісті орыстардан алған. Ал түркмендермен көршілес тұрған қазақтар үнемі май, тұз және сүт қосып шай ішкен», – дейді №2 Студенттер үйінің Студенттік Кеңесінің төрағасы, студент Әйгерім Бөкенбай.

Гуманитарлық-педагогикалық факультеттің студенті Аңсат Тәшкенбай шай рәсімінің түрлі ерекшеліктері туралы айтып өтті. «Қазақстанда шай ішу дәстүрі бұрыннан бері рәсімделген. Бір шыны аяқ шай үй иесінің қонаққа қатысы туралы көп нәрсе айта алады: кім шай береді және қанша шай береді, т.б. Мысалы, шыныаяққа толтыра шай құйса, сіз қаламаған қонақсыз дегенді білдіреді. Шайды аздап құйған дұрыс: жарты кесе немесе одан да аз құю қажет», – дейді А. Тәшкенбай.

Қазақша шайдың өнімдерін араластырған кезде оларды қосу реті де өте маңызды. Мәселен, алдымен сүт, содан кейін шай, кейін қайнаған су қосылады. Бұл ретте, шыныаяқ пен шәйнек арасындағы тиісті биіктікті сақтай отырып, қайнаған суды дұрыс құю да маңызды.

Іс-шара студенттердің шығармашылық нөмірлерімен жалғасты.