С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде Enactus PSU командасының бес жылдығына арналған Startup Fest шарасы өтті.

Өз стартап жобаларын таныстыруға Павлодар, Семей, Астана және Ақсу қалаларының жастары жиналды. Акселерациялауға бес жоба өтті: usb порттары бар жылы аялдама, дамытушы ойындар, иппотерапия, Office box және жарнамалық бокстар.

Құрметті қонақтардың қатарында Enactus Kazakhstan ұйымының президенті Альбина Ержанова болды. Шара қатысушылары әлеуметтік кәсіпкерлік мектебінің негізін қалаушы Эмина Әскерова мен Yuframe вайн-командасының менеджері Рассул Абдуллаевтың тренингіне қатысты.

«Өзінді табу» бұл - «Yuframe» тобының ұраны және негізгі миссяларының бірі. Адам өзін өзі тапқаннан кейін ғана әлеуетін арттыра алады», - дейді Р. Абдуллаев.

Шара аясында стартаптар жарысы а ұйымдастырылды. Үздік жобаларға жетекші менторлардан сапалы қолдау көрсетіледі.

Кездесі нәтижесіә бойынша «Y-cup» жобасы үздік стаптап атанып, қаржыландыруға ие болды. Жастар киберспортқа арналған алаңдарды дамытпақ ниетті. Семейлік «Poffy Bag» және ПМУ жобасы стартап жобасы бірінші тапсырысын алды. Семейлік стартапшылар жиһаз өндірісін қолға алса, жергілікті жастар үш тілдегі ашық хаттар әзірлемек.