С. Торайғыров атындағы ПМУ-де «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» – «Серпін» бағдарламасы бойынша білім алып жатқан студенттерді Павлодар облысының кәсіпорындарын жұмысқа орналасу мәселесіне арналған дөңгелек үстел өтті.

Шараға кадрлық қызметтердің жетекшілері мен мамандары, мемлекеттік органдардың өкілдері, университеттің «Қазақстан алюминийі» АҚ, «ПМХЗ» ЖШС, «KSP Steel» ЖШС ПФ, «Павлодарэнерго» АҚ, «Сүт» АҚ сияқты университеттің ірі серіктестері болды.

Бүгінде осы кәсіпорындарда дипломалды тәжірибеден өтіп жатқан 108 студенттің 20-сы жұмысқа орналасты. 83 жас еңбек етуге ниет білдіріп отыр.

Сонымен қатар, жастарды қолдау тетікстері туралы әңгіме қозғалды.

Еске сала кетейік, университетті «Серпін» бағдарламасы бойынша 2015 жылдан бері 16 білім беру бағдарламасы енгізілген. 2019 жылы 267 азамат тәмамдайды.