С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде Ашық есік күні өтті.

Мектеп оқушылары мен колледж студенттері жоғары оқу орнының факультеттері, зертханалары мен негізгі құрылымдарының жұмысымен танысты. Ал университеттің студенттің ұйымдары байқаулар ұйымдастырып, жұмыстарының бағыттарымен таныстырды.

Байқауларға қатысқан белсенді жастарға ұялы телефон, планшет, ПМУ-дің фирмалық жейделері сияқты сыйлықтар тарту етілді.

Сонымен қатар, болашақ талапкерлер «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС-нің өкілдеріне қызықтырған сауалдарын қойды. Зауыттағы ұжымды басқару және еңбек төлемі департаментінің директоры Алтын Имантаева кәсіпорында дуалды білім беру бағдарламасы бойынша тәжірибеден өту және жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы айтып берді.

Шара барысында айылған ПМУ колледжінің жұмысы, әскери кафедрасында білім алу мүмкіндіктеріне қатысты ақпараттар жастардың қызығушылығына ие болды.