С. Торайғыров атындағы ПМУ академик С. Бейсембаев атындағы кітапхананың қазақ тілі әдебиеті секторында ҚР-ның халық жазушысы, ф.ғ.д., профессор Әбілдә Тәжібаевтің 110 жылдығына орай әдеби кеш пен жазушы, драматург Сәкен Жүнісовтің 85 жылдығына орай дөңгелек үстер ұйымдастырылды.

Кездесу барысында гуманитарлық-педагогикалық факультетінің студенттері 2019 жылғы республикалық «Бір ел - бір кітап» акциясының комитетінің жалпыхалықтық оқуға таңдаған Ә. Тәжібаевтың лирикалық шығармаларына үңілді. Қазақ филологиясының студенті А. Сахимзадинова дара тұлғаның шығармалары қазақ халқының өткенімен етене байланысты екенін алға тартты. Автор ұрпақтар сабақтастығы, туған жер тақырыптарына қалам тербеп, шабыттанған.

С. Жүнісовтің шығармашылық және өмірлік жолы туралы студент А. Ақтас айтып берді:

- Сәкен Жүнісов - көпқырлы өнер иесі. Өнердің түрлі бағыттарындағы жетістіктерімен танымал. Қазақтың зиялы қауымы оны құрметпен сәкен сері деп бекер атамаған. 40 жыл ішінде қазақ әдебиетіне романдар, ондаған пьеса мен әңгімелер сыйлады. Артынан өшпес мұра қалдырды, - дейді А. Ақтас.

«Ақан сері» романында 19 ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген көшпенділердің әлеуметтік өмірі, тұрмысы жайында сыр шерткен. ақын-композитор Ақан Қорамсаұлының тұлғасы шығармаға негіз болған.

Кездесу барысында жастар авторлардың шығармаларын мәнерлеп оқып, жырдан шашу шашты.