«Innopreneurship: A need of Sustainable Agriculture» халықаралық симпозиумға қонақ ретінде агротехнология кафедрасының меңгерушісі, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты Серік Әбеуов пен б.ғ.к., қаумыдастырылған профессор Виктор Камкин қатысты.

Харьян (Үндістан) ауыл шаруашылығы университетінде өткен шараға Австралия, Жаңа Зеландия, Канада және АҚШ мамандары қатысты.

Кездесу барысында С. Әбеуов пен В. Камкин ғылыми қауымдастыққа топырақтың тұздануы мәселесі және суармалы емес жер шаруашылығындағы тұз учаскелерін трансформациялау, сонымен қатар, Қазақстаның Солтүстік, Шығыс өңірлері үшін инновациялық дақылдар туралы баяндама жасады.

Симпозиум жұмысын түйіндеу барысында Харьян ауыл шаруашылығы университетінің вице-канцлері, доктор К. П. Сингх С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетімен әріптестік қатынас қос жоғары оқу орнының табыстылығы мен білім берудің халықаралық нарығындағы жоғары сұрынысының белгісі екенін атап өтті.

Шара барысында ПМУ студенттері мен магистранттарының академиялық мобильділігін дамытудың перспективаларын талқылады. Алдағы уақытта Харьян университеті өсімдік шаруашылығы бойынша арнайы курстар, сонымен қатар, өндірістік және дипломалды тәжірибеден өткізуді қолға алмақ.

Айта кетейік, ПМУ агротехнологиялық факультетінің ғалымдары өсімдік шаруашылығы, көкөніс шаруашылығы, ауыл шаруашылығы дақылдарының селекциясы, тұқым шаруашылығы саласында ғылыми-зерттеу жобаларын әзірлеуде.