С. Торайғыров атындағы ПМУ-дің жас ғалымдары жетістіктері үшін мемлекеттік ғылыми шәкіртақыға ие болды. Олардың қатарында мемлекеттік басқару, бизнес және құқық фкультетінің PhD докторы Мадина Кәрімбергенова, қауымдастырылған профессор, PhD доктор Асылхан Маздұбай және мателлургия, машина жасау және көлік факультетінің қауымдастырылған профессоры, PhD докторы Айжан Тасқарина бар.

Асылхан Маздұбайдың айтуынша, шәкіртақы зерттеу жұмыстарын жалғастыруға сеп болады. Жас ғалым байқауға «Металл дайындамаларының термофрикционды кесуі» тақырыбындағы еңбегін жолдады.

Один из трудов ученого, отправленных на конкурс, – «Термофрикционная резка металлических заготовок».

- Бұл ғылыми жұмыс аясында металл дайындамалары мен аспап құрамында жылу алаңының таралуын зерттеу керек. Сонымен қатар, дайындама-аспап буындағы жылудың таралуын қарау керек, - дейді ғалым.

Еске сала кетсек, мемлекеттік ғылыми сыйақы 35 және 50 жас аралығындағы зерттеушілерге тағайындалады.