Астанада ересектер мен ардагерлер арасында грэпплинг және грэпплинг ги бойынша Қазақстан Республикасының кубогы аяқталды. Жарысқа Қазақстанның түкпір-түкпірінен 600-ге жуық спортшы қатысты.

Қатысушылар екі бөлім – грэпплинг және грэпплинг ги бойынша үш күрделілік деңгейіне бөлінген.

Құрама команданың құрамына Павлодар өңірінің намысын қорғауға С. Торайғыров атындағы ПМУ-дың Мемлекеттік басқару, бизнес және құқық факультетінің студенті Диана Шапенова қатысты.

Жарыстың бірінші күні грэпплинг бөлімінде 58 кг дейінгі категориядағы финалда кәсіби мамандар арасында Диана Шапенова чемпиондық белдіктің иегері атанды.

Екінші күн де спортшылар үшін сәтті болды. Грэпплинг ги бөлімінде кәсіби мамандар арасында чемпион атағын джиу-джитсудан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, ПМУ-дың қазіргі жаттықтырушысы және «Bek Team» академиясының бас жаттықтырушысы Зайырбек Абылкадыров 84 кг дейінгі салмақта жеңіп алды. Диана Шапенова 58 кг дейінгі салмақта үшінші орын алды.

Жарыс қорытындысы бойынша Павлодар құрамасы грэпплинг бөлімінде жалпы командалық екінші орынға және грэпплинг ги бөлімінде жалпы командалық үшінші орынға ие болды.

«Биылғы жылы республика кубогы Азия чемпионатына іріктеліп алынды, бұл чемпионатқа өте күшті бәсекелестік берді. Енді біздің спортшылар Пекинде өтетін Азия чемпионатының алдында өтетін жиынға дайындалатын болады», – деді З. Абылкадыров.