С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Қазақ тілі және журналистика кафедрасының аға оқытушысы Қымбат Белгібаева және үшінші курс студенті Розалина Вахитова медиасауаттылық мәселелері бойынша төрт күндік тренингке қатысты.

Internews СА ұйымдастырған семинарда медиаконтентті генерациялаудың жаңа форматтары мен интерактивті әдістемелерін, киберқауіпсіздік мәселелерін және т.б. талқылады.

Медиасауаттылық ақпаратты анық тұтынудан басқа, іздеу жүйелерін қалай дұрыс пайдалануды, сапалы ақпарат көздерін басқаларынан ажыратуды, жеке және қаржылық ақпаратты қалай қорғауды үйретеді.

Қазақ тілі және журналистика кафедрасының аға оқытушысы Қымбат Белгібаеваның ойынша, медиасауаттылық пәнін біздің ЖОО-ның барлық мамандықтарының студенттеріне енгізу қажет.

– Медиасауаттылық тек болашақ журналистер үшін ғана пайдалы емес. Цифрлық, ақпараттық дәуірде ол біз көріп, оқып отырған нәрсені талдауға, сұрақтар қоюға, күмән келтіруге, жалған нәрселерді ажыратуға, насихаттауға мүмкіндік береді, – деді Қ. Белгібаева.