Астана қаласында «Еліміздің болашағы жастардың қолында» атты байқау-фестиваль өтті. Айтулы шараға еліміздің тоғыз жоғары оқу орнының студенттері мен магистранттары қатысты.

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің намысын гуманитарлық-педагогикалық факультетінің «Амамат» командасы қорғады. Байқау барысында қатысушылар «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы, Қазақстанның қасиетті географиясы және Мемлекет басшысының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы бойынша білімдерін ортаға салды.

Конкурс барысында әр топқа тарихи тұлғаны таныстыру тапсырмасы жүктелді. ПМУ студенттері кейіпкер ретінде ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровты таңдады.

Болашақ мәденитетанушы Әлібек Қабылда тарихи тұлғаның образын сомдап, ақынның «Мен қазақ» туындысын паш етті. Шығармашылық кезеңмен қатар, студенттер зияткерлік блиц-турда Отанымыздың тарихи жерлеріне қатысты сұрақтарға жауап берді. Ал қазақ мәдениетін таныстыруда ПМУ студенттері биден шашу шашып, көрерменді та ңқалдырды.

Фестиваль қорытындысы бойынша бас жүлдеге «Аманат» командасы ие болды.

«Қарсыластарымыз талантты жастардан құралған топтар болды. Біз қойылымдар кезінде рухани бағытқа баса назар аударды. Қиын болса да, жеңісті қолдан бермедік», - дейді жеңімпаздар.