Минск қаласында тхэквондо ITF бойынша V Әлем кубогі өтті. Үздік спортшы атаны үшін 17 елдің 1500-ден астам қатысушысы бақтарын сынады.

16-17 жастағы спортшылар арасында 75+ салмақтық дәрежесінде әлемдік жарыстың күміс медаліне мемлекеттік басқару, бизнес және құқық факультетінің студенті Сапар Әлемхан ие болды.

Спортшы қарсыластарына дес бермей, ақтық мәреде ресейлік тхэквандошыдан жеңіліп қалды.

«Байрақты бәсекеге тыңғылықты дайындалдым, енді жемісін көрдім. Тхэквандошы үшін соққылардың нақты әрі айқын болуы маңызды. Жылдамдық, тәжірибе мен техника да аса амңызды. Дұрыс орындалған амалдар – жеңіске апарар қадам», - дейді Сапар Әлемхан.

Айта кетейік, С. Әлемхан бұған дейін халықаралық додаларда жеңістерге жеткен. Қазақстан Республикасының спорт шебері болашақта келер жылы Болгарияда өтетін әлем чемпионатына қатыспақ ниетте.