С. Торайғыров атындағы ПМУ мемлекеттік басқару, бизнес және құқық факультетінің студенті Руслан Мақсатұлы Тұңғыш Президент қорының жыл сайынғы республикалық байқауына қатысып, жеңімпаз атанды.

Ел аймақтарының 43 студенті Тұңғыш Президент қорының стипендианты атанды. Руслан Мақсатұлы ғылыми мақалалар мен төрт патенттелген оқу-әдістемелік құралдың авторы. Оның еңбектері Украина, Ресей және Қазақстанда жарық көрді.

- Елімізде дарынды жас ғалымдарға қолдау бар. Ал Тұңғыш Президент қоры іс жүзінде қолдау білдіріп, зерттеуші ретінде өсіп-өркнедеуге сеп болуда. Болашақта білікті маман атанып, өз тәжірибемді еліміз бен шетелде дамытсам деймін, - дейді ол.

Жас ғалым келешекте ғылыми мектебін ашып, саяси ғылым саласын тереңнен зерттеуге ниет етуде.

Байқаудың марапаттау шарасы Тұран университетінде өтті. Шара аясында жас ғалымдар арасындағы мәселелерге арналған дәстүрлі XII ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Еске сала кетейік, Қор 2000 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылды. Оның мақсаты – қазақстандық қоғамның әлеуетін дамыту, дарынды жастардың маңызды әлеуметтік жобаларын жүзеге асыруғ көмектесу.