«Қазақстанның халық банкі» АҚ облыстық филиалының директоры Анатолий Бойчин.С. Торайғыров атындағы ПМУ студенттеріне дәріс оқыды.

Кездесу ұлттық валюта – теңгенің енгізілгеніне 25 жыл толуына орай ұйымдастырылды. Сонымен қатар, Халық банкі биылғы жылы 95 жылдық мерейтойын атап өтуде.

Қаржыгер отандық банк жүйесі, ақша айналымының тарихы, төлем карточкалары мен интернет-банкингті қолданудың ерекшеліктері туралы әңгімеледі. Студенттердің сұрақтарына жауап беріп, еңбек тәжірибесімен бөлісті.

Анатолий Бойчин жастардың өз бизнес-бастамаларын жүзеге асыруға деген қызығушылықтың артуын тілге тиек етті.

- Жастар студенттік start-up жобаларды несиелендіру мен жүзеге асыру тетіктері қызықтырады. Оның өзіндік себебі бар. Бүгінде елімізде шағын және орта бизнесті қолдауға көңіл бөлінуде.