С. Торайғыров атындағы ПМУ-дың «Биотехнология» кафедрасының магистранттары «Ерекше. Дәмді. Биотехнологиялық» атты I Бүкілресейлік шығармашылық конкурстың тағамдық биотехнология, өсімдік шикізаты және дұрыс тамақтанудың өңдеу технологиясы саласы бойынша жеңімпаз атанды.

Т.ғ.к., профессор Марина Темербаеваның жетекшілігімен ПМУ магистранттары бірден бірнеше номинациялармен марапатталды.

Гүлнар Жингулова спорттық тамақтану үшін түрлі дәм толтырғыштары бар сүт негізіндегі «АЛТЫН-СПОРТ» биоөнімінің технологиясын әзірлеп «Үздік биоөнім» номинациясы бойынша бірінші орынды иеленді.

Үшінші орынды ешкі сүті негізінде пробиотикалық бағыттағы «Балақай» балалар тағамына арналған қышқыл сүт өнімдерінің биотехнологиясы бойынша қорғаған жобасымен Зарина Бралинова иеленді.

«Пайдалы және дәмді» номинациясында Андрей Кудин функционалды тамақтану үшін шұжық өнімдерінің технологиясын әзірлеуді ұсынып, үшінші орынға ие болды.