С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде шетелдік тыңдаушыларға арналған «Foundation» факультеті дайындық бөлімінің 5 жылдығына арналған салтанатты шара өтті. Шара 2014 жылғы түлектерге арналды.

Бірінші жылы дастар дайындық курстарының тыңдаушылары ретінде білім алды. Кейін оқуларын студент ретінде жалғастырады. Биылғы жылы оқуларын тәмамдайды.

Салтанатты шара барысында «Кербез» және «Қара жорға» қазақ ұлттық билері, классикалық вальс орындалып, музыкалық композициялар шырқалды.

Бүгінде студенттердің мамандықтары бойынша білім алумен қатар, университеттің мәдени және спорттық өміріне белсене араласуда.

- Тыңдаушыларды білім нәрімен сусындатып, тәрбие жұмыстарын жүргізген оқытушыларға айтар алғысымыз шексіз. Жастарға мақсаттарына жетуіне тілестестік білдіремін, - дейді «Foundation» факультетінің депутаты, пед.ғ.к. профессор Сәуле Ксембаева.

Мерекелік шара белсенді түлктер және факультет оқытушыларын Құрмет грамоталарымен марапаттауға ұласты.

Айта кетейік, бес жыл ішінде «Foundation» факультетінің дайындық бөлімінде 232 тыңдаушы білім алды. Олардың 115 жасы Павлодар мемлекеттік университетіне түсті.