С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде ақын, журналист және Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері Ольга Григорьевамен шығармашылық кездесу өтті.

Шараны орыс филология кафедрасы академик С. Бейсембаев атындағы ғылыми кітапханасының «Вдохновение» әдеби клубымен бірлесіп ұйымдастырды.

Шығармашылық кездесу барысында жиналушылар Ольги Николевнаның ақындық өнері, өмір жолымен танысып, басынан өткерген қызықты оқиғаларымен танысты. Қызықтырған сұрақтарын қою мүмкіндігіне де ие болды. Сонымен қатар, өнер иесінің шығармаларын тыңдады.

Ольга Григорьева «Цветаевский теплоход» атты өлеңдер жинағын таныстырып, шығармашылық жоспарлары туралы әңгімеледі.

«Ольга Григорьеваның лирикасымен танысып, ақынның өмірді шексіз сүйетінін сезінгендей болдық. Оның ғұмырындағы ақындық өнер шығармашылық күш-жігердің көзі іспеттес», - дейді магистрант Наржан Садық.

Еске сала кетсек, Ольга Григорьеваның туындалары еліміздің ғана емес, Ресей, Германия, Израиль мемлекеттерінің шығармашылық қауымдастығына жақсы таныс. Павлодарлық ақын - «Середина октября», «Вечерний сюжет», «Одиноко стоящее дерево», «Дверь», «Поют мои друзья», «Из Павлодара с любовью» жинақтары, «Вы — история, не поколение» очерктер жинағы мен балаларға арналған бірнеше кітаптың авторы.

Ольга Григорьеваның шығармашылығы 2006 жылы Мәскеуде жарық көрген «Современное русское зарубежье» атты жеті томдық шығармалар жинағында көрініс тапқан.