С. Торайғыров атындағы ПМУ қазақ тілі және журналистика кафедрасының аға оқытушысы Қымбат Белгібаева «Гендерлік журналистика бойынша оқу бағдарламасын нығайту» тақырыбына арналған екі күндік семинарға қатысты.

Жобаны Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика және коммуникация жөніндегі ЮНЕСКО кафедрасы ұйымдастырды. Басты мақсат – гендерлік журналистика саласындағы дағдыларды қалыптастыру және оқытушыларды қолдау.

Шараға Қазақстандағы 15 жоғары оқу орнының ғалымдары қатысып, журналистиканы оқытудың жаңа моделін дайындау мүмкіндігіне ие болды.

Семинар шеңберінде ғалымдар бұқаралық ақпарат құралдарындағы гендерлің тепе-теңдік мәселесін талқылап, университеттерде осы тақырып бойынша оқытуды меңгерген оқытушылардың жоқтығын алға тартты.

«Отандың жоғары оқу орындарында «Гендер және БАҚ» пәні оқытылмайды. Бұл жағдай қоғамдағы тепе-теңдікке қатысты түрлі стереотиптерді тудыруы мүмкін. Бұл тақырыпты жан-жақты зерттеу керек», - дейді Қымбат Белгібаева.