С. Торайғыров атындағы ПМУ т.ғ.к., сәулет-құрылыс факультетінің профессоры Мақсұт Шыңтеміровтің 75 жылдығын атап өтті.

Шараға ғылыми қауымдастық өкілдері, жоғары оқу орнының оқытушылары мен студенттері қатысты.

Мемлекеттік университет ректоры Г. Ахметова құттықтау сөзінде мерейтойы иесінің білікті мамандарды даярлау ісіндегі сүбелі үлесін тілге тиек етті.

- Мақсұт Абдулқадырұлы – университетіміздің дамуы жолында тынымсыз еңбек еткен арда азаматтардың бірі. Еліміздің көптеген құрылысшылары сіздің мектебіңізден түлеп ұшты. Сізге бұл істегі күш-жігеріңізге алғыс білдіре отырып, зор денсаулық пен қажымас қайрат тілейміз! – дейді Г. Ахметова.

Айта кетейік, Мақсұт Шыңтеміров – 110 ғылыми және ғылыми-әдістемелік еңбек, сегіз авторлық куәландыру мен 15 оқу-әдістемелік құралдың авторы. Профессор ғылыми-педагогикалық салаға сіңірген еңбегі үшін «Еңбек ардагері» медалі және «ҚР Білім және ғылыми министрлігінің құрметті еңбеккері» төсбелгісі, «С. Торайғыров атындағы ПМУ-дің құрметті деканы» марапаттарына ие.