Кітапқұмарлардың «Шабыт» клубының алғашқы отырысында Расул Гамзатовтың тағылымға толы шығармалары оқылды.

Расул Гамзатов - қазіргі заман өкілдерінің сүйікті жазушыларының бірі. Оның өлеңдер жинағы ондаған тілге аударылып, поэзиясүйер қауым арасында кең танылған. Р. Гамзатовтың шығармалары әнге айналып, көптеген композиторлар мен әртістердің шығармашылығының арқауына айналды.

Биылғы жылы Расул Ғамзатов 95 жасқа келер еді. Біз үлкен жүректі, дана азаматтың өнегелі өміріне бас иеміз, құрмет тұтамыз, - дейді кітапханашы Елена Лиханова.

Кітапхана маманының айтуынша, Гамзатовтың өлеңдерін Роберт Рождественский, Андрей Вознесенский, Сергей Городецкий сияқты өнер иелері аударған. Осы тұлғалардың арқасында талантты ақынның Отан, адамдар мен әлемге деген шексіз махаббатын әлем елдеріне жеткізе білді.

Студенттер кешке тыңғылықты дайындалып, Расул Гамзатовтың әндерін шырғап, өлеңдерін нақышына келтіріп оқыды.

- Расул Гамзатов – дара тұлға. Оның шығармаларын сүйіп оқимыз. Өлеңдерінен мол тағылым аламыз, - дейді орыс филологиясы кафедрасының студенті Адила Ибраева.